Журналиске ренжіген Жаркенттің «дөрекі» әкімі қатаң сөгіс алды

Журналиске ренжіген Жаркенттің «дөрекі» әкімі қатаң сөгіс алды

Журналиске ренжіген Жаркенттің «дөрекі» әкімі қатаң сөгіс алды
ашық дереккөзі
Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды, – деп жазды Tengrinews.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тергеу жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы облысы әкімінің аппаратына хат жолдады. «Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылғы 5 мамырдағы жауабына сәйкес, Панфилов ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №70-ө өкімімен Б.Ш.Омаров бұзушылықтар үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылғаны анықталды», – деп хабарлады ҚР МҚІА баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін Жаркент әкімінің жүргізушілермен кездесуі әлеуметтік желі қолданушыларын ашуландырған еді. Оқиға 22 сәуірде болған. Бұл оқиғадан кейін Болат Омаровтың 24.kz журналисіне берген сұхбаты жарияланды. «Әкімдер» бағдарламасының тілшісі Асхат Ниязов шенеунікке сағаты жақсы екенін айтады. Оған әкім ашуланып «Қайдан білесің жақсы екенін, қарап көр» деп шешіп береді. Тілші сағаттан Giorgio Armani жазуын оқиды. Омаров тілшіден тек жұмысқа қатысты сұрақ қоюын сұрайды. https://youtu.be/9wgKs8uJ-88