19 жасар таксисті өлтіріп кеткендер ұсталды

19 жасар таксисті өлтіріп кеткендер ұсталды

19 жасар таксисті өлтіріп кеткендер ұсталды
ашық дереккөзі
«Ақмола облысында 19 жасар таксисті өлтіріп кеткен екі жас адам ұсталды», − деп хабарлайды «Казинформ» тілшісі. Осы жылдың 4 мамырында күндізгі сағат 16.17-де Бурабай ауданы полиция бөліміне 46 жастағы Щучинск қаласының тұрғынынан 19 жастағы баласының жоғалып кетуіне байланысты іздеу қажетті туралы арыз түскен. Оның айтуынша, баласы 3 мамыр күні кешкі сағат 21.00 шамасында қара түсті «Мерседес-180» көлігімен үйінен шығып кетіп, содан кейін байланысқа шықпаған. Аталған факті бойынша полиция бөлімі жеке құрамының жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалып кеткен азаматтың машинасы Щучинск қаласындағы үйлердің бірінен табылған. Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыс жасағаны үшін ауданның 20 және 22 жастағы екі тұрғынын ұстаған. Олар жасаған қылмысын мойындап, жәбірленушінің денесін қай жерге жасырғанын екенін көрсеткен. Қайтыс болған жігіт бос уақытында адам тасумен айналысқан, ал күдіктілер жігітті «Индрайвер» қосымшасы арқылы шақырған. Бейресми ақпарат көздері таратқан мәліметте такси жүргізген жігіт мас жігіттерді айтқан жеріне жеткізуден бас тартқан, ал олар келіспегені үшін 19 жастағы жігітті қаталдықпен өлтірген.