Қазақ қызы Грузияға жұмысқа кетіп, белгісіз себептен қаза тапқан...

Қазақ қызы Грузияға жұмысқа кетіп, белгісіз себептен қаза тапқан...

Қазақ қызы Грузияға жұмысқа кетіп, белгісіз себептен қаза тапқан...
ашық дереккөзі
Бұл ақпарат ҚР Сыртқы істер министрі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі тарапынан расталған. Белгісіз жағдайда көз жұмған қыздың аты-жөні Әсел Айтпаева. Марқұмның сіңлісі Айна Айтпаеваның айтуынша, Әселді сол жаққа көлік сатып алуға жиі баратын туыстары шақыртқан екен. Ол жаққа орыс тілін білетін консультант қыз керек болған көрінеді. Жұмыс істейтін жер Тбилиси қаласына жиырма шақырым жерде болған. Грузияға барғаннан кейін ол бірнеше күн байланысқа шықпай қалған. Әселден құрбысына келген соңғы аудиожазбада белгісіз ер адамның қоқан-лоққы көрсеткен дауысы жазылып қалған... Жалпы соңғы жылдарда шетелдерден жұмыс іздеп кеткен отандастарымыздың, оның ішінде әйел адамдардың зорлық-зомбылық көріп, ажал құшып жатқаны жиі кездесіп жатады. Сондықтан бүгінде шетелге барып ақша табу қатерлі жағдайға айналып барады...