Мемлекет басшысы қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады

Мемлекет басшысы қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады

Мемлекет басшысы қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. «Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Көрші мемлекетке 10 мың тонна ұн жіберіледі. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісіп кетті», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.