Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды
ашық дереккөзі
Ақтөбенің халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі 28 сәуір күні берілген еді. Бүгін ресми таныстырылып, батыр қыздың бюсті орнатылды. Жиында батырдың туыстары, оның өмірін зерттеп жүрген танымал қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар болды. «Әлия Молдағұлова – күллі қазақ елінің мақтанышы. Аты аңызға айналған жерлесіміздің өмірі мен ерлігі өскелең ұрпаққа лайықты үлгі. Үкімет қаулысымен Ақтөбе халықаралық әуежайына Кеңес Одағы батырының есімі берілді. Сіздерді облысымыздың өміріндегі қуанышты оқиғамен құттықтаймын», – деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.  width= Әуежай ғимаратында Әлия Молдағұлованың мүсіні қойылды. Биіктігі – 2,47 см. Мүсін авторы – ақтөбелік танымал мүсінші Жеңіс Жұбанқосов. «Әлия апамыздың мүсінін бір айда жасап шықтық. Бұл мен үшін жауапты жұмыс болды. Кішкентай болса да, айбарлы, қайсар қазақ қызының мүсін әуежайға қою ұлттық рухымызды аттыратын қадам болды», – деді Жеңіс Жұбанқосов.  width=