«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды
ашық дереккөзі
Елордада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің 2021 жылғы жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 млн теңге сыйақы берілді. «Үздік ақпараттық бағдарлама» аталымы бойынша Еуразия телеарнасының «Аналитика» бағдарламасына бұйырды. «Үздік тележурналист» аталымы бойынша «ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасының журналисі Руслан Идрисов жеңімпаз атанды. «Үздік деректі фильм» аталымын «Нығмет Нұрмақов. Төртінші Премьер-Министр» жобасын ұсынған «Сарыарқа» телеарнасы алды. «Үздік тележүргізуші» аталымы бойынша «КТК» телеарнасының қызметкері Кәмила Жүсіпова үздік деп танылды. Ал «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы пандемия кезінде Qazaqstan ұлттық арнасы арқылы көрерменге жол тартқан «Теледәрігер» бағдарламасына бұйырды. Qazaqstan ұлттық телеарнасының «Жүзден жүйрік» атты тағы бір жобасы «Үздік ойын-сауық бағдарламасы» аталымына ие болды. «Үздік аймақтық телеарна» номинациясын Павлодар қаласының «Ирбис TV» арнасы жеңіп алды. «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша «НТК» телеарнасының «JOL» деректі фильмі үздік атанды. «Үздік телевизиялық сериал» аталымында «Хабар» телеарнасының «Абай жолы» сериалы үздік жұмыс деп бағаланды. «Үздік ток-шоу» номинациясы бойынша «Astana TV» телеарнасының «Aitarym bar» бағдарламасы жеңімпаз атанды. https://youtu.be/B6PWwE3evEY