Ұлы Отан соғысының батырларына арналған онлайн портал іске қосылды

Ұлы Отан соғысының батырларына арналған онлайн портал іске қосылды

Ұлы Отан соғысының батырларына арналған онлайн портал іске қосылды
ашық дереккөзі

Казақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері Ұлы Отан соғысының батырларына арналған порталды іске қосты.

Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін портал жасап шығарды. Жоба атауы – «Жаужүрек полк».

Жоба авторларының ішінде «Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының» Президенті, «Jaqsy Bolady» YouTube арнасының авторы Бұхарбай Болат, тележүргізуші Махаббат Есен, блогер Яков Федеров және «Aveadicus» YouTube арнасның авторы Ашірбек Әділет бар.

Жоба авторлары әлемдік пандемияға байланысты акцияны офлайн форматта өткізу мүмкін емес екенін ескеріп, соғыс батырларына онлайн форматта ерекше құрмет көрсетуді ұйғарды.

Бұл жай ғана портал емесбұл екінші дүниежүзілік соғыс батырларына арналған мәңгілік естелік альбомы. Бостандық үшін өз өмірлерін қиған, жарқын болашағымыз үшін қан төккен аталарымыздың ерліктерін құрметтеуіміз қажет! – деп жазды Махаббат Есен.

Шараға қатысу үшін өтініш бен батырыңыз жайлы ақпаратты Qaharman1945.kz сайтында қалдыру керек.

Сонымен қатар, жоба Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі мен жекелеген қазақстандық батырлардың жетістіктері туралы баяндайды.

Батырлар құрметіне арналған онлайн шеру 9 мамыр күні, сағат 10:00-де жобаның әлеуметтік желілердегі парақшаларында өтеді.