Демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады

Демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады

Демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады
ашық дереккөзі
Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтты. «Қазақстанда жаппай вакциналаудың жүргізілуіне байланысты, тұрғылықты жеріне немесе Алматыда тіркелгеніне қарамастан, кез келген адам коронавирусқа қарсы екпе жасата алады. Сондай-ақ, Алматыда тұруға рұқсаты бар шетел азаматтарын, еңбек мигранттарын, босқындарды және шетел студенттерін тегін вакцинациялаймыз. Алматыда олардың саны 7 мыңға жуық», – дейді Гүлнар Ысқақова. Сонымен қатар, ол мегаполисте демалыс және мереке күндері егу пунктері жұмыс істейтінін айтты. «Алматы қаласының кез келген жерінде екпе салдыруға болады. Күн сайын демалыссыз және үзіліссіз 215 екпе пункті жұмыс істейді, қажет болған жағдайда резервте тағы 250 екпе пункті бар», – деп толықтырды спикер. Айта кетейік, елдің әр тұрғыны вакцина түрін таңдауға құқылы. Яғни қазақстандық QazVac пен ресейлік «Спутник-V», сондай-ақ, Қытайда өндірілген вакцинаны салдырады. «Сонымен қатар, қажет болған жағдайда вакцинаның екінші компонентін бұрынғы кесте бойынша 21 күннен кейін де алуға болады. Ол үшін екпе пунктіне хабарласып, ерікті түрде өтініш жазу қажет. Әзірге ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес екінші екпе 45 күннен кейін алынады», – деді ол.