Жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 70 жыл

ашық дереккөзі

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 70 жыл

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні.  Классикалық күрестің шын шебері көзі тірі болса 70 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, әлемді жайлаған індет қазақтың алып тұлғаларын да аяған жоқ. Даңқты балуан өзінің Мәскеудегі тарихи жеңісіне қырық жыл толған соң, араға санаулы күн салып, мәңгілік мекеніне аттанды.