Қарулы күштің қалқаны қару ғана емес

Қарулы күштің қалқаны қару ғана емес

Қарулы күштің қалқаны қару ғана емес
ашық дереккөзі
Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өз алдына Қарулы Күштерін құру туралы маңызды міндет қойды. Алғаш 1991 жылы 25 қазанда Елбасының Жарлығымен құрылған Қор­ғаныс комитеті кейін 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Рес­публикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күннен бастап Қазақстан территориясындағы КСРО әс­кери күштерінің есебіндегі әскери мүліктер Қазақстан құ­зыретіне берілді. Егемендік алып, еңсемізді тік­те­ген сәттен бастап Елбасы Н.Назар­баев әскери білім беру, ұлттық кадр даярлау ісін алдыңғы орынға қойды. Себебі Кеңес Одағы ыдырап, біріккен армия тараған кезде біздің елде әскери қызметте жүрген кейбір аза­маттар ТМД-ның өзге елдеріне қо­ныс аудара бастады. Осылайша кә­сіби мамандарды даярлауға мем­лекеттік деңгейде маңыз берілді. Ал әлемдік стандарттарға сай келетін за­манауи әлеуетті әскер жасақтау оңай шаруа емес. Ол әскери техни­калар мен қару-жарақты жетілдіру ға­на емес, сонымен қатар білімді, шет тілдерін жетік меңгерген, нағыз әскери элитаны даярлау. Елімізде кәсіби әскери мамандар даярлау «Білім беру туралы» заңға сәй­кес бес деңгейді: орта білім, тех­ни­калық және кәсіби білім – ма­гист­ратура және докторантура, қосымша білім – әскери кафедра, қайта даяр­лау және біліктілікті көтеруді қамти­ды. Бүгінде елімізде бакалавриат бағ­дарламасы бойынша әскери ма­мандарды даярлайтын үш әскери жоғары оқу орны бар. Олар – Құр­лық әскерлерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты, Т.Би­гелдинов атындағы Әуе қорға­ны­сы күштерінің Әскери институты. Құрлық әскерлерінің Әскери инс­титутының тарихы сонау 1970 жыл­дан бастау алады. Былтыр әс­кери институт жарты ғасырлық ме­рейтойын атап өтті. Ал 2020 жылғы 11 қыркүйектегі Үкімет қаулысымен бі­лім ордасына армия генералы Са­ғадат Нұрмағамбетовтің есімі беріл­ді. Институт бүгінде 12 мамандық бойынша құрлық әскерлерінің жо­ғары мамандандырылған офицер­лерін даярлайды. Сондай-ақ заман талабына сай жаңа мамандықтарды да оқытып жатыр. Мысалы, оқу орны әскери медициналық қамтамасыз ету және радиациялық химиялық және биологиялық қорғау қызме­тінің офицерлерін даярлайды. Институт әскери салада жаңа буын тәрбиелеу ісінде теория мен тә­­­­жірибені қатар ұштастырып отыр. Лек­ция тыңдауға арналған аудито­рия­лар ғылым мен техниканың озық жабдықтарымен қамтамасыз етіл­ген. Болашақ офицерлер оқы­ту­дың заманауи техникалық құрал­дары, компьютерлік және есептеу ап­параттарын кеңінен қолданады. Бұл – әлемдік стандартқа сай әскери ма­мандарды оқыту мен тәрбиелеу ісін­де аса маңызды бағыттардың бірі. Осы уақытқа дейін оқу орны 13 мың­нан астам офицерді даярлап шы­ғарған. Оның 80-нен астамы Қа­зақстанда және шетелде генерал ше­нін иеленген. Әскери оқу орны­ның 400-ден астам түлегі өзінің әс­кери міндетін Ауғанстан секілді әлем­нің «ыстық нүктелерінде» ат­қарған. Тәжікстан мен Ирактағы бей­бітшілік операцияларына қатыс­қаны үшін жоғары үкіметтік награ­даға ие болған институт түлектері де аз емес. Қазіргі таңда радиотехника ма­мандығы бойынша офицер-ин­же­нерлерді дайындайтын Орталық Азия­дағы тұңғыш әрі жалғыз жо­ғары оқу орны біздің елімізде. Ол – Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты. Инс­титуттың құрылуы мен даму тарихы отан­дық әскери білім және ғылым жүйе­сінің даму жолымен тығыз байланысты. Зенитті зымыранды, радиотех­ни­калық әскерлері, авиацияны ра­диотехникамен қамтамасыз ету бө­лімдері, байланыс әскерлері, қару-жа­рақ­ты басқарудың автоматтан­дырыл­ған жүйелерінің инженерлері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қор­ғау саласының мамандарын даяр­лайтын оқу орны еліміздің қор­ғаныс саласын нығайтуға өз үлесін қо­сып келеді. Институт еліміздің әс­кери саласына қажетті маман­дар­ды оқытумен қатар, Ұжымдық қауіп­сіздік келісімі ұйымының бағ­дар­ла­масы бойынша Қырғыз Республи­ка­сы, Өзбекстан, Тәжікстан Респуб­ли­каларынан келген мамандарға білім береді. Осы орайда қорғаныс сала­сы­ның үздік мамандарының шетелде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар екенін айта кеткеніміз жөн. Болашақ әскери қызметкерлер­дің теориялық білімі нәтижелі болуы үшін ол практикалық сабақтармен то­лығуы қажет. Курсанттар теория­лық білімін институттың оқу орта­лы­ғында жетілдіре отырып, шынайы жауынгерлік техникаларда тәжіри­бе­ден өтіп, радиолокациялық бекет­тер мен байланыс әскери техника­ларында қызмет көрсетеді. Оқу орны құрылғалы бері әскери бі­лім беру саласында жетекші оқу ор­­нына айналды. Институт қызмет­кер­лері мен курсанттарының KADEX халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесінің жұмы­сына да белсенді қатысып жүр. Ал мұн­дай халықаралық көрмеге қа­тысу үшін курсанттардың дене дайын­­дығын қалыптастыруға жіті көңіл бөлінуі қажеттігі айтпаса да тү­сінікті. Білім алумен қатар са­лауат­­ты өмір салтын қалыптас­ты­рып жүрген курсанттарға оқу база­сында түрлі спорттық жарыстар жиі ұйымдастырылады. Әскери мамандар дайындайтын тағы бір оқу орны – Т.Бигелдинов атын­дағы Әуе қорғанысы күш­те­рі­нің Әскери институты. Әскери ұшқыш­тар және ұшақтар мен тікұ­шақ­тарға техникалық қызметтер көрсететін және әскери мамандар даярлайтын Орталық Азиядағы жал­ғыз әскери оқу орны. Сонау 1974 жы­лы құрылған училищеде мың­даған азаматтық авиация ұшқыш­тары даярланып, сол мамандар қазір әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатыр. Байтақ жердің бүтіндігін қорғау үшін әуеде ұшып жүрген әскерилер қатары жылдан-жылға жас мамандармен толығып отыр. Онда курсанттар 4 жыл бойы әс­кери машықтарын жетілдіріп, авиа­цияның қыр-сырын меңгереді. Сондай-ақ олар ұшақтар мен тікұ­шақтарды басқаруды үйренеді. Тікұшақты басқармас бұрын олар теориялық білім алады. Алған білі­мін тәжірибемен ұштастыру жолын­да курсант инструктормен бірге әуеге көтеріліп, арнайы маршрутпен жү­ріп өтеді. Курсанттың әуеде ұшуы­на 50 сағат уақыт беріледі. Ол 20 са­ғатты инструктормен өткізеді, қал­ған 30 сағатта ұшақты өзі бас­қара­ды. Инструктормен өткізетін 20 сағат өте маңызды, өйткені кур­сант­тың болашақта әуеге жалғыз кө­терілуі немесе көтерілмеуі осы сәтте шешіледі. Бүгінде ЖОО тек Қорғаныс ми­нистрлігі Әуе қарулы күштері үшін ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік коми­теті, ІІМ авиацияларына кадрлар даяр­лайды. Еліміздің әуе қорғаны­сын­да жүрген офицерлердің 70 пайы­зы осы әскери институттың тү­легі. Елімізде әскери мамандарды даярлайтын орта және жоғары ар­наулы білім беретін оқу орындары қа­тарында Алматы жоғары әскери ака­демиясы, Шекарашылардың жо­ғары әскери институты, Әскери-теңіз институты, Қазақстан ІІМ Ішкі әс­керлері әскери институты, Ш.Уәли­ханов атындағы Кадет кор­пусы, жо­ғары оқу орындары жанын­дағы офи­церлер даярлайтын әскери ка­федралар, курстар, С.Нұрма­ған­бетов атындағы «Жас ұлан», Алма­ты­дағы Б.Мо­мышұлы атындағы жә­не Қар­а­ғанды, Шымкент қалала­рын­дағы әс­кери бағыттағы орта арнаулы мек­тептері бар. Әскери кадрларды даярлау жүйе­сі отандық әскери білім мен ғы­лым­ның үлгісін қалыптастыруға мүм­кіндік береді. Жалпы әскери қыз­мет­кер­дің теориялық дайындығы мен жауынгерлік техниканы, қару-жа­рақты жетік меңгеруі, адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білуі, өзінің әскери міндеттерін терең түсінуі мен өз міндетін соңына дейін атқаруға дайындығы Отанымыздың қарулы күштерінің әлеуетін таны­тады. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қа­жыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қа­жыр-қайрат керек» деген болатын. Алдағы жылы Қазақстан Қарулы Күш­терінің құрылғанына 30 жыл то­лады. Ширек ғасырдан астам уа­қыт аралығында елімізде ұлттық кадр даярлау жүйесі қалыптасты. Әскери білім беретін оқу орындары­ның оқу процесіне озық техноло­гиялар енгізіліп, мамандардың білім деңгейін көтеру үшін оқу-әдістемелік база кеңейтілді, білім беру ісі заман талабына сай жүргізілді. Нәтижесін­де еліміздің әскері қайта құрылып, жас офицерлердің жаңа буыны қа­лып­тасты. Қазақстан өзінің қорғаныс қа­бі­ле­тін нығайтуға, білікті, кәсіби ар­мия кұруға баса назар аударды. Мем­лекет әскерін жаһандық сын-қа­тер­лер мен өзгерістерге бейімдей оты­рып жетілдіре түсу маңызды. Сө­зі­мізді нақтыласақ, әскери білім беру жүйесін одан әрі дамыту, сұра­нысқа сай жетілдіру, әскери дайын­дық­ты арттыру, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға атсалысу мәселесі күн тәртібінен түспек емес.