Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді. «Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Б.Н. өлімі жайлы ақпарат тарауда. Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл айтады. Вакцина алғаннан кейін қайтыс болды деген ақпараттың тарауына байланысты қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы келесіні хабарлайды: «Азамат Б.Н., 1979 жылы туған, биыл 12 сәуір күні емханаға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген. Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Б.Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған», – делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.
Әкімдік жауабына сәйкес, қайтыс болған ер адам 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. «Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен. Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Алдын ала болжамға сәйкес, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қайтыс болу себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады, нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады», – делінді әкімдік хабарламасында.