Жаңалықтар

Ойланбаған орға жығылады

ашық дереккөзі

Ойланбаған орға жығылады

Соңғы кезде қоғамда адамгершілік және рухани құндылықтың  төмендеп кетуі өскелең ұрпақтың тәрбиесіне кері әсерін тигізіп келеді. Әсіресе, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің жыныстық қатынасқа ерте түсуі, жас қыздардың ерте жүкті болуы дабыл қағарлық мәселе. Осы жылдың 16 қыркүйегінде  Алматы қаласы, Түрксіб ауданының №59 орта мектебінде жыныстық қатынасқа ерте түсудің алдын алуға байланысты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Түрксіб аудандық прокуратура бөлімінің аға прокуроры Ғ.М. Тазабеков, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің қызметкері С.С. Оразов, Түрксіб ауданы ІІБ ЖПҚ ЮПБ-нің бастығы Н.С.Ахметқанов, мектеп директоры А.Т.Қасымова, мектеп директорының орынбасары Б.С.Әбішева, сондай-ақ мектеп оқушыларының ата-аналары қатысты. Бүгінде білім беру мекемелерінде кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық қатынасқа ерте түспеуі және ерте жүкті болуының алдын алуға байланысты әр түрлі шаралар жиі өткізіліп келеді. Мектеп оқушылары жыл сайын арнайы тексеруден өтеді. Егер кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірмдердің жеке өмірінде түйткіл туындаса, олармен арнайы сөйлесіп, жеке әңгімелесу қажеттігі айтпаса да түсінікті. Алайда, қазір баласының ерте есеюіне қарсылық танытпайтын отбасының аз еместігі жасырын емес. 2016 жылдан бастап, осындай деректер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі Кодексінің 127 бабы бойынша тәжірибе барысында «Ата-ана мен заңдық тұлғаның бала тәрбиелеу жөнінде міндерттерді орындамағаны үшін» ата-аналар мен заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Дөңгелек үстел барысында Түрксіб ауданының ІІБ қызметкерлері ата-аналарды мазалаған сауалдарға жауап берді. Өзара пікір алмасу кезінде 16 жасқа толмаған жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа итермелеген тұлға мен жасөспірім баласын тәрбиелеу кезінде міндеттерді орындамаған ата-ананың қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы айтылды. Жасөспірім қызбалалар ер азаматпен жыныстық қатынасқа  18 жасқа толғаннан кейін түсе бастайды. Ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес уақытынан ерте қарым-қатынас жасауға тыйым салынған. Кәмелетке толған тұлғалардың тарапынан (ер азамат болсын, әйел болсын) жасалатын бұл әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 122-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады және бес жылға дейін еркіндігі шектеліп, жазаланады немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес, осы бапқа қатысы бар күдікті алдағы уақытта да жасөспірімдердің өміріне «қол сұқпас» үшін ішкі істер бөлімінің арнайы есебіне алынады. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлға ретінде мемлекеттік лауазымды қызметтерге орналасатын мүмкіндіктен қағылады және Қазақстан Республикасы Қорғаныс саласы күштерінде әскери борышын өтей алмайды.

Ғ.М.Тазабеков, Түрксіб аудандық прокуратура бөлімінің аға прокуроры