Маңызды мәселелер қаралды

Маңызды мәселелер қаралды

Маңызды мәселелер қаралды
ашық дереккөзі
Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­­шылығы саласында қорда­ланған мәселелерді шешу үшін нұро­тандықтар иесіз желілерді пай­даланушы ұйымдардың мен­шігіне өтеусіз беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Электр қуаты мен жылу тариф­терінің бұдан ары өсуіне жол бер­меу үшін Халықаралық қаржы инс­титуттарының қаражатын тар­та отырып, тозған жабдықтарды ауыс­тыруға және шығынды суб­си­дия­лау тетігі арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасын пайдалану ұсы­нылды. Талқылау қорытындысы бойын­ша партиялықтар өңірлер­дегі тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лықтың ең проблемалы нысан­дарына партиялық бақылау комис­сиясының мүшелері мен «Nur Otan» партиясының мәслихат де­путат­тарын бекітуді ұсынды. Со­нымен қатар, енді өңірлік комис­сиялар мем­л­екеттік органдардың, мерді­герлік және пайдаланушы компа­ниялардың өкілдерін, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды шақыра отырып, осындай мәселелерді кем де­генде тоқсан сайын бір рет тал­қы­лайтын болады.