Елорда – егемендік жемісі

Елорда – егемендік жемісі

Елорда – егемендік жемісі
ашық дереккөзі
Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін, барша қазақ халқына болашаққа деген үлкен үміт сыйлағаны сөзсіз. Егемендік алып, ел болып ең­се­мізді тіктей бастаған сәт­тен ел аста­насын Алматыдан Ақ­мо­лаға кө­шіру мәселесі көтеріле бас­та­ды. Алғашқыда астананы жаңа орын­ға көшіру туралы Президент ойын қолдағандар аз болды деп жа­зады ака­демик, Мемлекет және қо­ғам қай­раткері Кенжеғали саға­диев. «Сол уақытта Прези­дент бас­­­­­­шы­лы­ғы­мен жұмыс істеген Мем­лекеттік кеңес­тің 1993 жылғы ке­зекті бір оты­рысы әлі есімде. Құ­ра­мында Са­лық Зиманов, Шерхан Мұртаза, Иван Щеголихин, Жа­бай­хан Әб­ділдин, Манаш Қозыбаев сын­ды бас­қа да ел ағалары мен қай­­рат­кер­лер бар Кеңес күн тәр­ті­біндегі мә­се­лелерді қарап, шешім қа­­былдап, та­рауға айналғанда Нұр­сұл­тан Әбішұлы басқаларға рах­метін ай­тып, бізден – Кеңес мү­ше­лерінен та­ғы бір мәселе жөнінде пі­кір ал­масу үшін кідіре тұруды өтін­ді. Біз орын­дарымызға қайта жай­ғасқанда Нұрсұлтан Әбішұлы: «Ас­тананы Алма­тыдан ел ортасына – Ақмолаға ауыс­тыру керек деген ойым бар. Егемен еліміздің болашақ дамуын жаңа астанадан бастасақ дей­мін. Сіздер бұған қалай қарай­сыз­дар» деп сұрады. Біз, кеңес мү­ше­лері, бұ­рын ойға келмеген, ба­рынша тың, елді елең еткізетін осын­дай соны пікірге: «Ақмоланың ауа­сы жақ­сы, бірақ ойлану керек» де­ген мар­дымсыз бір-екі сөзден ар­тық ештеңе айта алмадық. Осылай десек те, мынау алай-тү­лей басталған жаңа за­манда, елімізде бір жарым жыл­дай жүріп жат­қан нарық эко­но­ми­ка­сы оң н­әтиже бермей, керісінше, эко­­номиканы тығырыққа тіреп, ха­лық тұрмысы күрт төмендеген тұс­та, қалта бос, қаржы тапшы кез­де мұндай ауқымды жобаны іске асыру мүмкін емес қой. Алматы сияқ­ты жылы орнымыздан басқа жер­ге көшу бұл бір орны жоқ қиял емес пе деген күдік те ойымызда тұр­ды. Көп ұзамай бұл соны жаңа­лық халыққа тарады. Ел ішінде, бас­пасөз беттерінде, депутаттар ара­сында, әртүрлі басқосуларда ас­тана туралы қызу пікірталас бас­талды. Мұндай пікірталастар көпке дейін, 1997 жылдың қысында ас­та­на Алматыдан Ақмолаға көшкенге дейін жалғасты», – дейді өз есте­лі­гін­де академик К.Сағадиев. Кеше ғана Тәуелсіздік күн кеш­кен халық Астананы Ар­қаға көшіреміз дегенге илана қой­мағаны рас. Бұл идея тіпті орын­далмас армандай көрінді. Ел­ба­сы Ақмола қаласының тәуелсіз мем­лекетіміздің астанасы болып таң­далуына 32 негізгі өлшемді көр­сетіп, депутаттар алдында тарихи баян­дама жасады. Ең маңызды се­бептерінің арасында: әлеуметтік-эко­номикалық, экологиялық, гео­саяси, саяси-экономикалық, көлік инф­рақұрылымы, инженерлік-ком­муникациялық, құрылыс, еңбек ре­сурстары т.б. мүмкіндіктер бар еді. Осылайша 1994 жылғы 6 шіл­де­де Қазақстан Республикасының Жо­ғарғы Кеңесі «Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Президенті Н.Назарбаев­тың мемлекет астанасын Ақмола қа­ласына ауыстыру туралы ұсыны­сы­на келісім берілсін» деген шешім қа­былдады. Бұл ел тарихында- ғы ай­тулы оқиғалардың бірі бола­тын. Ел астанасын ауыстыруға жо­ға­рыда аталған себептерден бө­лек қандай жағдайлар түрткі бол­ғаны туралы Елбасы өзінің «Тәуел­­сіздік дәуірі» кітабында: «Қа­зақ­станның жаңа астанасының жо­басы кездейсоқ пайда болған жоқ. Тәуелсіздік алған күннен бас­тап жаңа жағдай, сол жағдай ерек­шеліктерін көлденең тартқан мүл­де басқа мемлекеттік ахуал қалып­тас­ты. Қазіргі уақыттың шындығы мен бірқатар геостратегиялық фак­­торлар бізді өз геосаяси кеңіс­ті­гі­мізді қайтадан қалыптастыру про­цесіне жаңа көзқараспен қарау­ға мәжбүрледі» деп жазды. Ақмоланы астана ету туралы Қазақстан Республикасы Жо­ғарғы Кеңесінің 1994 жылы 6 шіл­де күні қабылданған шешімінен кейін Елордада құрылыс жұмыс­тары қызу басталып кетті. 1996 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Үкіметі «Қа­зақстан Республикасының аста­насын көшіру туралы» тарихи қау­лы қабылдады. Бір жылдан кейін Ал 1997 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті «Ақмола қаласын Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның астанасы деп жариялау тура­лы» Жарлыққа қол қойды. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақ­мола қаласы ресми түрде ел аста­насы мәртебесіне ие болды. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Пре­зиденті, Үкімет пен Парла­мент­тің басшылары Қазақстан астанасы туралы ел халқына жолданған үн­деуге қол қойды. Ал жаңа аста­на­ның ресми тұсаукесер тойы 1998 жыл­ғы 10 маусымға белгіленді. Дәл осы тұста археолог Ке­мел Ақышев Нұра мен Есіл өзендірінің тармақтарына үлкен зерттеулер жүргізуді бастаған бо­латын. 1998 жылы Мемлекет бас­шы­сы Н.Назарбаевтың тапсыр­ма­сы­мен Есіл археологиялық экс­пе­дициясы құрылды. Оған К.Ақышев жетекшілік етті. Осылайша қираған қалашық орнында қазба жұмыс­тары басталып кетті. Астана қаласы маңы­нан тарихы VIII ғасырдан бас­тау алатын, XVI-XVII ғасырларға дейін ежелгі Бозоқ қаласы орны­ның табылуы таңғажайып оқиға болды. Бас қаламыздың тарихы со­нау Дешті-Қыпшақ кезеңінде дәуір­леген Бозоқ қаласынан бас­талатыны дәлелденді. Бүгінде Батыс пен Шығыс өр­ке­ниетінің алтын көпіріне айналған шаһар әлемдегі ең сәу­лет­ті қалалардың біріне айналды. Ас­та­на сонау 1999 жылы-ақ ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атанған болатын. Бұл марапат аз ғана уақыт ішінде әлеуметтік-эко­но­микалық, саяси және мәдени даму саласында ауыз толтырып ай­тарлықтай жетістікке жеткен әлем­нің жас қалаларына беріледі. Сон­дай-ақ Елорда 2000 жылдан бас­тап астаналар мен ірі қала­лар­дың халықаралық ассамблеясының мүшесі болды. Осылайша айналасы бірнеше жылдың ішінде Астана сая­си, экономикалық және мәдени ор­талық қана емес, халықаралық мә­селелерді талқылайтын диалог алаңына, сондай-ақ дипломатия­ның, бітімгершілік пен халықара­лық дамудың басты алаңына ай­налды. Бүгінде Елорда Еуразия кеңіс­тігінде халықаралық форум­дар мен конгрестер өтетін орталық­қа айналды. Мәселен, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съез­дері, Астана экономикалық фо­румы, ЕҚЫҰ-ның саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық сам­мит­тері өткізілді. 2011 жылы VII Қыс­қы Азия ойындарының қаты­су­шылары мен қонақтарын қабыл­даса, 2017 жылы EХРО-2017 халық­ара­лық көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырды. Елбасы Н.Назарбаев 2005 жы­лы жарыққа шыққан «Еура­зия жүрегінде» атты еңбегінде: «Қа­лалардың да адамдар сияқты өз тағ­дыры болады. Олардың әрқай­сысының өз аты, қайталанбас өмір­баяны, дүниеде ешбір жерге ұқса­майтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар. Адамдар сияқты олар да өз тағдырларымен дарала­на­ды. Біреулеріне «мәңгі қала» не­ме­се «әлем астанасы» бақыты бұйыр­­са, енді бір қалалардың маң­дайына өркениеттен тысқары жетімдік күн кешу, енді біріне жер бетінен құрып кету жазылған. Бү­гінгі Астана мен келешек Астана – бұл біздің стратегиялық ойларымыз мен ұмтылыстарымыздың ең басты жемісі» деп жазды. Елбасы идеясымен іргесі қа­ланған Елорда аз ғана уақыт ішінде Тәуелсіздік символына айна­лып, жалпыұлттық идея мәртебе­сіне ие болды. Тәуелсіз Қазақстан мен бейбіт заманды бейнелейтін астана бүгінде барша қазақтың көз қуанышына, мақтанышына айна­лып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев Елор­да­ның 20 жылдық мерей­тойы­на арналған сөзінде: «Еура­зия­ның қақ ортасында салынған жаңа астананың модернизациялық мис­сиясы мол. Мұнда жаңа кеңістік, жаңа координаттар жүйесі, жаңа уа­қыт пайда болды. Бұл жалпы жаңару мен жаңа тәртіптің пайда болуына серпін береді. Бүгінде әлем­ге оппозиция қажет емес, үй­ле­сім, даму және ынтымақтастық. Сон­дықтан елордалық шығаратын із­гілік пен қазақстандық құн­ды­лықтардың нұры бүкіл планетаға тарайды және ризашылыққа ие болады», – деп атап өтті. Ұлт мақтанышына айналған елор­да – ел тарихындағы ай­ту­лы жетістіктердің бірі, Тәуел­сіздігіміздің Темірқазығы. Азат­ты­ғымыздың алтын тәжіне айналған Елорданың саяси келбеті өзге мем­лекеттерге жарқын үлгі болатыны анық.