«Қазпошта» онлайн сауда нарығын дамытып жатыр

«Қазпошта» онлайн сауда нарығын дамытып жатыр

«Қазпошта» онлайн сауда нарығын дамытып жатыр
ашық дереккөзі
«Қазпошта» биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 4 миллионға жуық сәлемдеме жеткізген. Компанияның жұмысы, пандемия кезінде де тоқтаған жоқ. Ұлттық пошта операторының арқасында 140-қа жуық мемлекет Қазақстанмен еш кедергісіз хат-хабар алмасады. Сонымен қатар, Қазпошта электронды сауданы дамытатын отандық кәсіпкерлерге де белсенді қолдау көрсетіп келеді. Бұл игі іс туралы толығырақ келесі материалда. Астаналық Данияр Ақназаров музыкаға бала кезінен әуес. Уақыт өте келе бұл іс оның хоббиіне айналды. Қазір ол винил табақшаларын жинауға көшті. Талғампаз жігіттің коллекциясындағы пластинкалар қазірдің өзінде 20-дан асты. Бұл күйтабақтардың көбісін ол ұлттық оператор арқылы тапсырыс беріп алдыртқан екен. Данияр АҚНАЗАРОВ,  НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мұндай күйтабақтар өте нәзік, қатты үрлеп қалсаң да бүлінеді. Бірақ тығыз оралып, қорапқа мұқият салынғанын көргенде оған су тимейтінін, еш зақымданбағанын түсінесің. Үйге келгесін, осы қорапты ашып, винилдің бүтін екеніне көз жеткізгенде арқамнан жүк түскендей жеңілдеп қаламын. Осындай жауапты істі мүлтіксіз атқаратын Қазпоштаға үлкен сенім қалыптасты. Данияр поштаны үйдің қасындағы сәлемдеме супермаркетінен алады. Тапсырысының қай жерде келе жатқанын post.kz арнайы қосымшасы арқылы бақылайды. Бүгінде «Қазпошта» клиенттері сәлемдемені үйге жеткізуге тапсырыс бере алады. «GoPost Home» қызметі Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары тұрғындарының қолын ұзартты. Ал 6-мамырдан бастап, барлық өңір тұрғындары осы қызметті пайдалана алады. Бұл үшін Қазпоштаның Telegram-ботын қолданса жеткілікті. Пандемия кезінде енгізілген осы жаңа қызметтің арқасында клиенттерге енді пошта бөлімшелеріне бару қажеттілігі азайды.
Нұрқанат НҰРАҚЫНОВ, «ҚАЗПОШТА» АҚ ТӘУЕКЕЛДЕР МЕН КОМПЛАЕНС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Қазіргі пандемия жағдайында тұтынушылардың дағдысы өзгергенін байқап отырмыз. Е-commerce-тің үлесі артып, online-сервистер белсенді дами бастады. Қазпошта бұл тенденцияларға сәйкес электрондық сауда алаңдарымен байланыс орнатты, сонымен бірге өзіміздің төлем карталарымызды шығарамыз. Оның ішінде виртуалды карталар да біздің тұрғындарға ұсынылады. Осылайша біздің клиенттерімізге ыңғайлы жағдай жасау үшін өзіміздің экожүйемізді құрып, қызметтердің толық спектрін ұсынып отырмыз. Компания былтыр өз тұтынушыларына 15 миллионға жуық халықаралық және отандық пошта жөнелтілімдерін жеткізіпті. Жоғалған сәлемдемелердің саны 400-ден аспайды. Бұл – теңізге тамған тамшыдай. ЗКТ: Жалпы Қазпоштаның арқасында еліміздің электронды сауда нарығында 3 мыңнан астам халықаралық интернет-дүкендерді біріктірген кэшбэк-сервис іске қосылды. Мысалы, post.kz сайты арқылы онлайн-шоппинг жасасаңыз жұмсаған ақшаңыздың 20%-ын кэшбэк-сервисі арқылы қайтарып ала аласыз. Ал 2% кэшбэкті Қазпоштаның өзі қосады. Бұл үшін виртуалды картаны онлайн ашсаңыз жеткілікті. Жиналған кэшбэкті басқа тауар алуға жұмсауға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға болады.