«Түркістан» кемесі теңізге жол тартты
«Түркістан» кемесі теңізге жол тартты
Орал қаласында жаңа «Түркістан» кемесі салтанатты түрде теңізге жол тартты. «Зенит» Орал зауыты АҚ құрастырған шағын қарауыл кемесіне «Түркістан» атауы берілді.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа кеме аумақтық суларды, мемлекеттік шекараны және континенттік қайраңды қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Қазақстан қалаларының символикалық атаулары бар кемелер көптеген жылдар бойы Теңіз шептерін қорғауды тиімді қамтамасыз етіп келеді. Бұл қатарда «Нұр-Сұлтан» мен «Қарағанды» кемелері де бар.
Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, күш ведомстволарының басшылығы, «Зенит» зауытының ұжымы, кеменің жеке құрамы, сондай-ақ Орал қаласының тұрғындары қатысты.
Аталған рәсім Әскери-теңіз шекара Туын және «Түркістан» кораблінің командиріне тақтайшаны тапсырумен, шеруге қатысушы корабльдер мен катерлер теңізге шығуымен жалғасты. Қуанышқа ортақтасқан Орал қаласының тұрғындары, зауыт жұмысшылары мен кеме экипажы оркестрмен бірге кемеге сәт-сапар тілеп шығарып салды.