Алексей Цой вакцинаның екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді

Алексей Цой вакцинаның екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді

Алексей Цой вакцинаның екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V" екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бізге вакцинаны әзірлеген Гамалея атындағы орталықтан хат келді. Онда "Спутник V" вакцинасының бірінші және екінші компоненті арасындағы интервалды 21 күннен 90 күнге дейін созуға болатыны жазылған. Хатта, сондай-ақ, интервалдың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтіні, кейде тіпті күшеюіне және ұзақ сақталуына әкелетіні көрсетілген. Осы құжат негізінде біз бас санитар дәрігердің қаулысына өзгеріс енгіздік", - деді Цой брифингте.
Десе де, айтуынша, егер қажеттілік болса, қазақстандықтар екінші дозаны 21 күннен кейін салдыра алады. Ол үшін алдын ала өтініш жазу керек.
"Бірінші компонент – негізгі, бізге қажетті иммунитетті береді. Екіншісі иммунитетті аздап көтереді", - деп түсіндірді министр.
Естеріңізге сала кетейік, енді ресейлік "Спутник V" вакцинасының екінші дозасы бұрынғыдай 21 күннен кейін емес, 45 күн өткен соң егіледі.