Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге жаза кесілді

Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге жаза кесілді

Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге жаза кесілді
ашық дереккөзі
Атырауда Есенбек Сиғуатовты атып өлтірген қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  Сот үкіміне екі тарап та наразы болған. Марқұмның ата-анасы сотталушының экс-полицей екенін ескерілмеді десе, айыпталушы тарап жазаның ауырлығына шағымданыпты. Айта кетейік, 18 жастағы греплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов өткен жылы тамызда оққа ұшқан. Оны аңшы мылтығымен атып өлтірген Мағзұм Бекет 15 жылға сотталса, қылмысты жасыруға тырысқан Бейімбет Дүйсенғалиев 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Сотталған Мағзұм мен Дүйсенғалиевтен мемлекетті пайда жүргізу шығыны 715 712 теңге. Әрқайсына үлес тәртібімен 357 856 теңгеден өндірілсін. Мағзұмның жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғыры мекемесінде өтелу белгіленсін", - деді Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Тыныштық Нұрымова.