Жаңалықтар

Мәдина Әбілқасымова Тимур Әбілқасымовты кеңесші етіп тағайындады

ашық дереккөзі

Мәдина Әбілқасымова Тимур Әбілқасымовты кеңесші етіп тағайындады

Экономист Тимур Әбілқасымов қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттіктің ресми сайты. “Тимур Әбілқасымов тағайындалғанға дейін “Radius Advisory Lab” консалтингтік компаниясының әріптесі лауазымын атқарды. Квазимемлекеттік сектор компанияларында және Еуразиялық даму банкінде жұмыс істеді, парламент сенатының жанындағы жас сарапшылар клубының мүшесі”, - делінген хабарламада. Тимур Әбілқасымов 2011 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын "бизнес  экономикасы" және "мемлекеттік саясат экономикасы" мамандықтары бойынша бітірді. Лондон бизнес және қаржы мектебінде "тәуекел-менеджмент" мамандығы бойынша МВА дәрежесін алған. Тәуекелдерді басқару жөніндегі кәсіби мамандардың жаһандық қауымдастығы (Financial Risk Manager) халықаралық сертификатының иегері. Бұдан басқа, Тимур Әбілқасымовтың операциялық тәуекелдер, Базель III және Data science бойынша сертификаттары бар. Сондай-ақ ол "Қазтеміртранс" АҚ және "Kazakhstan Energy Reinsurance Company" директорлар кеңесінің мүшесі лауазымын атқарғаны белгілі. М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-да аға оқытушы болып жұмыс істеді. Тәуекелдерді басқару және қаржы секторы мәселелеріне арналған "Risk Takers" телеграм-арнасының авторы.