Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер

Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер

Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер
ашық дереккөзі
Жас баладан бастап, үлкен жастағы адамдарға дейін электросамокатпен жүру ыңғайлы. Электросамокаттың ерекшелігі электр қозғалтқышы мен аккумуляторының болуында. Тіпті жанармай құйып әуреге салмайды. Электросамокатқа көлік тұрағының кез келген жерінен орын таба аласыз. Ал кемшілігіне келетін болсақ, жаңбыр кезде сомакатпен жүре алмайсыз. Яғни ауа райына тәуелді екенін ұмытпаған жөн. Электрсамокаттар әртүрлі болғанымен барлығының жұмыс істеу принципі бірдей. Тек кішігірім нюанстары бар. Мысалы, кейбір модельде рульдің жанында жылдамдықты және тежеуді реттейтін тұтқыш бар. Ал басқа модельдерде қозғалысты бастау үшін аяғыңызды самокатқа қойып, жерге тигізбеуіңіз керек. Электрсамокат орташа есеппен сағатына 35 шақырымды еңсере алады. Бұл көліктің салмағы небәрі 10 келі. Айтарлықтай ауыр болмағандықтан оны кез келген ғимарат ішіне қолға ұстап кіре аласыз. Самокаттың батареясы 2 сағатта толық қуатталады. Бұл 40 шақырым жол жүруге жеткілікті. Электрсамокаттың жылдамдықты және аккумулятор деңгейін көрсететін спидометрлік моделі де бар. Электрсамокат әр адамның деңгейіне қарай арналады. Осыған байланысты самокат дизайнының сипаттамасы да әртүрлі болады. Электросамокат қолданушылар ескеруі тиіс ережелерді назарыңызға ұсынамыз. Электросамокат мінгендерге тыйым салынады:
  • Жаяу жүргіншілер өткелінен жүруге;
  • Рульді ұстамай жүргізуге;
  • Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға;
  • Жақын маңда велосипед жолы бола тұра, басқа жолмен жүруге;
  • Жол үстінде солға немесе кері бұрылуға;
  • Мас күйінде басқаруға.
Электросамокат жол қозғалысы ережесінде мопедке теңестіріледі. Оларға велосипедке арналған жолмен немесе жолдың велосипедке арналған жолағымен жүруге рұқсат етіледі. Егер осындай арнайы белгіленген жолдар болмаса, онда жолдың жүру бөлігінің оң жақ жиегінде, тротуарда немесе жаяу жүргіншілердің жүруіне қауіп төндірмесе ғана жүруге рұқсат етіледі. Жол қозғалысын таңдамайтын велосипед, мопед және самокатты 16 жастан бастап жүргізуге рұқсат етілген. Самокатпен веложолдармен жүрмесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл екі айлық есептік көрсеткіштен басталады.  

Қызғалдақ Омар,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Саясаттану және журналистика факультетінің 4-курс студенті