Коронавируспен ауырғаныңызды тырнағыңыз арқылы анықтауға болады – Британдық ғалым

Тырнақтағы сызықтар мен ойықтар коронавирустың салдары болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Британдық профессор Тим Спектор жасады, деп хабарлайды Metro.

Ғалым Twitter-де сурет жариялап, өсіп келе жатқан тырнақтағы ақ жолақ коронавируспен ауырғаныңызды білдіруі мүмкін екенін жазды. Алайда, тырнақ ұзақ уақыт өсетіндіктен, ол бірден байқалмауы мүмкін. Және ол коронавируспен ауырған барлық  науқастарда байқалмайтынын есте ұстаған жөн: бұл симптом бөртпелермен, әжімдердің пайда болуымен және басқалармен қатар жүреді.

Оған қоса тері аурулары да созылмалы посткоронавирустық белгілерге айналуы мүмкін екен.

@timspector twitter-дегі парақшасынан
Back to top button