Жаңалықтар

Мирас Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

ашық дереккөзі

Мирас Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып. Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, құқық саласындағы доктор (PhD). Еңбек жолын 2003 жылы бастаған, заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген. 2012 жылғы тамызда «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті» АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 2015-2018 жылдары — М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры – Басқарма Төрағасының орынбасары. 2018 жылдан бастап 2019 жылғы желтоқсанға дейін —  М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер Академиясының директоры – Провост. Ол ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметін 2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін атқарды.