Ақтөбеде полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірген

Ақтөбеде полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірген

Ақтөбеде полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірген
ашық дереккөзі
Ақтөбе қаласының полицейлері жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы төрт айда 285 миллион теңгеден астам айыппұл салған, оның 180 миллион теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. Өндіру пайызы - 63,4%. Осыған байланысты Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірлесіп мобильдік топтар құрды. Айыппұлдарды төлемей жалтарып жүрген азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша аралап, оларға айыппұл төлеу жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.