Ақтөбеде полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірген

5 мамыр, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Ақтөбеде полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірген Ақтөбе қаласының полицейлері жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы төрт айда 285 миллион теңгеден астам айыппұл салған, оның 180 миллион теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. Өндіру пайызы - 63,4%. Осыған байланысты Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірлесіп мобильдік топтар құрды. Айыппұлдарды төлемей жалтарып жүрген азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша аралап, оларға айыппұл төлеу жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.