P4P рейтингі: Геннадий Головкин оныншы орынға түсті

Бокс туралы жазатын Журналистердің Америка қауымдастығы (BWAA) салмақ санатына қарамастан (pound-for-pound), әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, – деп жазды Sports.kz.

ТОП-10 үздігі болып WBA және WBC нұсқалары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес қалуда.

Рейтингінің алдыңғы нұсқасына қарағанда орта салмақта IBF/IBO белдіктерінің иегері, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 9-орыннан 10-ға сырғыды. Оның орнына бірінші аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Хуан Франсиско Эстрада орналасты.

BWAA мамыр айына ұсынған рейтингінің толық тізімі:

  1. Сауль «Канело» Альварес
  2. Теренс Кроуфорд
  3. Наоя Иноуэ
  4. Эррол Спенс-младший
  5. Теофимо Лопес
  6. Тайсон Фьюри
  7. Александр Усик
  8. Василий Ломаченко
  9. Хуан Франсиско Эстрада
  10. Геннадий Головкин
Back to top button