Екі қалада жол ақысы қымбаттады

Екі қалада жол ақысы қымбаттады

Екі қалада жол ақысы қымбаттады
ашық дереккөзі
Таразда қоғамдық көліктерде жол жүру құны 20 теңгеге қымбаттады. Жол ақысы картамен төлеген кезде 85 теңге, ал қолма-қол төлесеңіз — 130 теңге. Бұған дейін жол жүру құны 65 теңге болатын, деп хабарлайды КТК телеарнасы.  №1 автопарк жүргізушісі Бақытжан Керімовтің айтуынша, бағаның өсуі отын мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауына байланысты.
"Бәрінің бағасы өсіп жатқанына көп уақыт болды: дизель отыны, қосалқы бөлшектер. Бұрынғы бағамен өзін-өзі өтемей алмайды, бағаны өсірмесе, жақын арада барлық автопарктер банкротқа ұшырайды", - деді ол.
Сонымен қатар, Ақтөбе автобустарында жол ақысы 80 теңгеден 150 теңгеге дейін өскен.