Пойызбен шекарадан миллион доллар алып өтпек болған екі машинист ұсталды

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мамандары «Узбекистон темир йуллари» акционерлік қоғамына қарасты «Өзбекстан» локомотив депосының екі машинисі Қазақстанға миллион доллардан аса ақшаны заңсыз алып өтпек болғанын анықтады.

Ресми мәлімет бойынша, жүк пойызының электровозынан 971 050 доллар, 47 720 еуро және 3 424 500 рубль табылған.

Tengrinews.kz-тің жазуынша, Келес теміржол станциясында дәл осы электровозды қайта қарау кезінде тағы 1050 доллар табылды. Жалпы, 11 миллиард сум тәркіленді.

Тергеу барысында машинистерге қаржыны Қазақстанға алып өту үшін Ташкент облысы Заңғиатин ауданының тұрғыны бергені анықталды. Ол ұсталды.

Машинистер одан Қазақстанға шетел валютасын заңсыз алып өткені үшін 300 доллар алған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button