Елімізде 1,5 миллионға жуық адам вакцина салдырды

5 мамыр, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Елімізде 1,5 миллионға жуық адам вакцина салдырды 5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 486 543 адам вакцина салдырды. Бұл мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында жариялады. Бұл ретте вакцинаның екі компонентін қатар салдырғандарың саны 400 740-қа жеткенін айта кету керек. Вакцина салдырудан бұрынғыдай Алматы қаласы (234 516) мен Алматы облысы (168 234) көш бастап тұр.