Nur Otan-да тұрғын үй кешендерін жаңа басқару формасына көшіру мәселесі қаралды
Nur Otan-да тұрғын үй кешендерін жаңа басқару формасына көшіру мәселесі қаралды
Соңғы үш жылда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 330 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауқымды қаржыландыру көлеміне қарамастан, жолға, сумен, газбен қамтамасыз етуге, электрлендіруге қатысты шағымдар саны азаймай отыр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жүйелі мәселелері мен оларды шешу шаралары «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің отырысында талқыланды.
Партиялық бақылау комитетінің мүшесі Әнуар Ілиясова атап өткендей, желілердің тозуына байланысты судың ағып кетуінен келген шығын жылына 16 млрд теңгеге жуықтаған. Партиялықтар жүргізген талдау қорытындысы бойынша қалалық жерлердегі тозығы жеткен барлық су құбырлар желісін ауыстыру үшін 20 жыл, ал кәріз желілерін ауыстыруға 40 жыл қажет екені анықталды.