Жазатайым оқиға емес: тоқ соғып, мерт болған 6 жасар қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жазатайым оқиға емес: тоқ соғып, мерт болған 6 жасар қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жазатайым оқиға емес: тоқ соғып, мерт болған 6 жасар қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
Орал маңындағы Деркөл кентінде газ құбырын ұстап, тоққа түскен 6 жасар қыз мерт болды. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. «Бастапқыда бұл дерек жазатайым оқиға ретінде тіркелген еді. Қазіргі кезде ол қайта дәрежеленіп, ҚР ҚК 306-бабы 3-бабына (абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.  width= Еске салайық, 2 мамыр күні шамамен сағат 16.49-да кезекші бөлімге қоңырау шалынған. 2016 жылғы қыз баланы ток үйдің жанындағы газ құбырын ұстаған кезде соққан. Жүрегінің ақауы бар бала оқиға орнында көз жұмды.  width=