Досының өлімін естіп, ашуланған: Алматыда лифтіні тепкілеген азамат ұсталды

Досының өлімін естіп, ашуланған: Алматыда лифтіні тепкілеген азамат ұсталды

Досының өлімін естіп, ашуланған: Алматыда лифтіні тепкілеген азамат ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы қалалық полиция депаратаменті Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзған азаматты анықтады. Ол – 2002 жылы туған С.есімді азамат. «Оның әрекеттері ҚР ӘҚбК 434 бабы, 1 бөлігі бойынша квалификацияланған. Ол туралы тиісті материал жинақталды және шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Ол өзінің іс-әрекетін досының өлімі туралы жаңалықтан кейін ашуланғандығымен түсіндірді», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр. Бұған дейін тәртіп сақшылары Алматыда тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде лифтіні жұдырықпен ұрып, қабырғаны тепкілеген ер адамды іздестіріп жатқанын жазған болатынбыз.