Досының өлімін естіп, ашуланған: Алматыда лифтіні тепкілеген азамат ұсталды

Алматы қалалық полиция депаратаменті Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзған азаматты анықтады. Ол – 2002 жылы туған С.есімді азамат.

«Оның әрекеттері ҚР ӘҚбК 434 бабы, 1 бөлігі бойынша квалификацияланған. Ол туралы тиісті материал жинақталды және шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Ол өзінің іс-әрекетін досының өлімі туралы жаңалықтан кейін ашуланғандығымен түсіндірді», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Бұған дейін тәртіп сақшылары Алматыда тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде лифтіні жұдырықпен ұрып, қабырғаны тепкілеген ер адамды іздестіріп жатқанын жазған болатынбыз.

Back to top button