Үндістанда сайлауда Сталин жеңіске жетті

Үндістанның Тамилнад штатында өткен аймақтық сайлауда елге белгілі саясаткер Мутхувел Карунанидхи Сталин жеңіске жетті. Ендігі кезекте ол жергілікті әкімшіліктің төрағасы қызметін атқаратын болады, деп хабарлайды India Today.

Белгілі болғандай, саясаткер Иосиф Сталин қайтыс болардан төрт күн бұрын дүниеге келген. Сөйтіп, оның әкесі баласын Сталинның құрметіне атауды жөн көрген.

Естеріңізге кетейік, бұған дейін Оңтүстік Африканың Намибия елінде өткен аймақтық сайлауда саясаткер Адольф Гитлер Уунона жеңіске жеткен болатын. Оның есімін де әкесі Германия көшбасшысы болған Адольф Гитлердің құрметіне қойған. Десе де оның айтуынша, әкесі Гитлердің қандай тұлға болғанын жете түсінбесе керек.

Back to top button