«Головкин Деревянченкодан жеңілді». Америкалық боксшы төрешілер шешімімен келіспейді

«Головкин Деревянченкодан жеңілді». Америкалық боксшы төрешілер шешімімен келіспейді

«Головкин Деревянченкодан жеңілді». Америкалық боксшы төрешілер шешімімен келіспейді
ашық дереккөзі
Америкалық боксшы Деметриус Андраде Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) осыдан үш жыл бұрын украиналық былғары қолғап шебері Сергей Деревянченкодан (13-2, 10 КО) жеңіліп қалғанын айтады. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды. Естеріңізде болса, бұл кездесу 2019 жылғы қазан айында ұйымдастырылған болатын. Аталған жекпе-жекте Головкин төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Алайда, Деметриус Андраденің айтуынша, сарапшылар мен жанкүйерлердің көбі сол бокс кешінде Головкин емес, Деревянченко жеңіске жетуі тиіс еді деп наразылық білдірген.
«Деревянченко Головкинге қарсы жұдырықтасқанда ештеңеден қорықпау керек екенін көрсетті. Ол расымен Головкинге лайықты қарсылас болды. Осыдан соң көпшілік сол жекпе-жекте Головкиннің Деревянченкодан жеңіліп қалғанын айтып жүр»,– деді Андраде.