Елімізде несие төлеу мерзімі шегерілді – Үкімет басшысы

Елімізде несие төлеу мерзімі шегерілді – Үкімет басшысы

Елімізде несие төлеу мерзімі шегерілді – Үкімет басшысы
ашық дереккөзі
Шағын және орта кәсіпкерлер үшін несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді. Премьер-Министр Асқар Маминнің мәлімдеуінше, екінші деңгейлі банктерде несие бойынша төлем мерзімін осы жылдың 1 шілдесіне дейін шегеру шаралары қабылданды. Кейінге қалдырылған төлем мөлшері 750 миллиард теңге. Сонымен қатар ол ШОБ субъектілері үшін 1 сәуірден 1 маусымға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын барлық салықты төлеу мерзімі кейінге шегерілгенін атап өтті. Бұл бизнеске шамамен 200 миллиард теңгені сақтауға мүмкіндік берді. Салық және кедендік берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтатылды. «Бұл кәсіпкерлерге айналым капиталын толтыру үшін қосымша 279 миллиард теңге жұмсауға мүмкіндік береді», – деді А.Мамин. Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы жаңартылған кешенді жоспардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар бизнесті салықтық ынталандыру жөніндегі заңнамалық түзетулер пакеті қабылданып, 1 маусымға дейін Парламентте тиісті жұмыс жүргізілуге тиіс екенін айтты.