Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмысы, XXIX сессия қорытындысы және этносаяси саладағы өзекті үрдістер туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында Ассамблеяны одан әрі дамыту, талдамалық және мониторингтік, аймақтық және жастар қызметінің бағытын күшейту мәселелері қаралды. Президентке қоғамдағы этносаралық шиеленістің алдын алу, этностардың келешектегі интеграциялануы, Ассамблеяның Қазақстан халқын азаматтық біртектілік пен бірлік қағидаттарына шоғырландыруға бағытталған арнайы жобаларының жүзеге асырылуы жайында баяндалды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық қоғамдық институттарының жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.