Айзаданың өлімі: жігіт қызды алып қашып, зорлағаны белгілі болды

Айзаданың өлімі: жігіт қызды алып қашып, зорлағаны белгілі болды

Айзаданың өлімі: жігіт қызды алып қашып, зорлағаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Бішкекте биыл 5 сәуірде Айзада есімді бойжеткенді ұрлап кеткен Замирбек Теңізбаевтың марқұмды зорлағаны белгілі болды, – деп жазды АКИPress. Бішкек Ішкі істер бас басқармасының мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу Қырғызстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (ҚК-нің) 175-tбабы («Некеге тұру мақсатында адам ұрлау») бойынша тіркелген, бірақ кейіннен жиналған материалдарға сәйкес қайта қаралды. «ҚК-нің 170-бабына («Адам ұрлау») өзгертілді, сондай-ақ күдіктіге ҚК-нің 170-бабы («Адам ұрлау»), 161-бабы («Зорлау») және 130-бабында («Адам өлтіру») көзделген қылмысты жасады деген күдік бары сырттай хабарланды», – делінген хабарламада. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі іс Бішкектің Первомай аудандық сотының қарауына жіберілді. «Одан бөлек, ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Бішкек қалалық басқармасы милицияның жекелеген қызметкерлеріне қатысты ҚК-нің 331-бабы («Немқұрайдылық») бойынша сот алды тергеу жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада. Еске салайық, Бішкекте Айзада есімді қызды 5 сәуірде бірнеше ер адам ұрлап әкеткен. Ұрлау сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алайда Айзаданы полиция қызметкерлері емес, далада жүрген шопан тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті оны буындырып, өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған.