Елімізде 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды

Елімізде 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды

Елімізде 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды
ашық дереккөзі
UMC корпоративтік қорының мәліметінше, 29 сәуірде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында еліміздегі 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы жасалып, ота сәтті өтті. Орталықта бүйрек трансплантациясы 2012 жылдан бері жасалады. 2015 жылдан бастап Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында балаларға қайтыс болған адамдардан бүйрек трансплантациясы жасалады. Бүйрегі ауыстырылған ең кішкентай балаға 3 жас 6 ай, салмағы небәрі 10,5 келі болған. Бүгінгі таңда бүйрек трансплантациясы бойынша Қазақстандағы жалғыз орталықтың мамандары жасаған отаның нәтижесі әлемдік клиникалармен бірдей. Мүше трансплантацияланған балалардың өмір сүру деңгейі Еуропадағыдай. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 94,4% дейін жетеді. «Балаларды операцияға дұрыс дайындау ғана емес, сонымен қатар Нефрология және диализ бөлімінде өтетін операциядан кейінгі емдеу өте маңызды. Осыған байланысты біздің мамандарымызға дәрігер-эфферентолог, ересек реанимация-анестезиология бөлімінің командасына, балалар реанимациясы және анестезиология бөлімінің командасына, дәрігер-анестезиолог, хирургтер мен барлық урологтарға, бүйрек трансплантациясына қатысқан медбикелер мен анестезиологтарға зор алғыс білдіреміз», – делінген хабарламада. Отандық мамандардың емнің осы күрделі түрін меңгеруінің арқасында қазір бүйрек пен бауырды транплантациялауға мұқтаж балалардың шетелдік клиникаларға бармай-ақ қоюына болады.