Тергеу басталды: Алматы облысында гараждан екі жасөспірімнің мәйіті табылды

Алматы облысында гараждан 17 жастағы екі жеткіншектің денесі табылды.

Жәбірленушілер автокөлікті жөндеу кезінде бензин буымен уланған. Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаны растап, пікір білдірді.

«Алматы облысының Полиция департаменті 28 сәуірде Панфилов АПБ тергеу-жедел тобы Жаркент қаласындағы жеке үйлердің біріне шақырту бойынша келіп, үйдің гаражынан екі кәмелетке толмаған баланың (екеуі де 2004 жылы туған) мәйітін тапқанын хабарлайды. Қинап өлтіру белгілері анықталмады. Жәбірленушілер автокөлікті жөндеу кезінде бензин буымен уланған», – делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Back to top button