Мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді

Мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді

Мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді
ашық дереккөзі
Елімізде діни нысандардың ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат берілді. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «қызыл» және «сары» аймақтардағы діни нысандардың қызметіне жабық үй-жайда ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат етілгенін мәлімдеді. Айта кетейік, кеше еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Аталған құжатта мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни нысандар аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылатыны жазылған.