Ақмола облысында сарқырамаға тағы бір адам құлап кетті

Ақмола облысында сарқырамаға тағы бір адам құлап кетті

Ақмола облысында сарқырамаға тағы бір адам құлап кетті
ашық дереккөзі
Оқиға 3 мамыр күні 15:00-де болған. Сарқырамаға құлап кеткен 45  жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды egemen.kz
"Сарқырама маңына ескерту белгілері орнатылған. Ескерту лентасы да тартылған. Орманшылар дауыс күшейткіш арқылы қауіп туралы ескертеді. Соған қарамастан адамдар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды", - дейді аудан әкімдігі.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана осы сарқырамаға ер адам 6 жастағы қызымен құлап кеткен болатын.