Метро бекетіндегі апаттан 13 адам қаза тауып, 70 адам зардап шекті

Мехикода метро бекетіндегі апаттан 13 адам қаза тауып, 70 адам зардап шекті, – деп хабарлайды rbc.ru. Үйінді астында бірнеше көлік қалып қойған.

3 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 22:30-да Мексика астанасында пойыз өтіп бара жатқанда Оливос станциясының жанындағы 12-ші метро желісіне көпір құлаған. Оқиға көліктің метро станциясының тіректерінің бірімен соқтығысуы нәтижесінде болған.

Оқиға орнына бірнеше жәрдем көлігі, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келді. Құлаған құрылымдардың астында метро желісінің астынан өткен бірнеше автомобиль қалған.

Көшедегі бейнебақылау камераларына екі көпірдің пойыз вагондарымен бірге жерге құлағаны түсіп қалған.

Back to top button