Алматыда қара топырақ ұрлағандарды сотқа дейінгі тергеу басталды

Алматыда қара топырақ ұрлағандарды сотқа дейінгі тергеу басталды

Алматыда қара топырақ ұрлағандарды сотқа дейінгі тергеу басталды
ашық дереккөзі
Алматыда қара топырақ ұрлағандарды сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Қала прокуратурасының баспасөз қызметі атап өткендей, Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, қоғамдық қорғаушылардың қатысуымен жүргізілген қоршаған ортаны қорғау бойынша алдын алу жұмыстары кезінде жердің құнарлы қабатының (чернозем) заңсыз қолданылған анықталған.
"Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының аумағында белгісіз тұлғалар рұқсат құжаттарынсыз қара топырақ, топырақ және балласт өндіру жұмыстарын жүргізді. Заңсыз өндірілген топырақ негізінен құрылыс жұмыстары үшін шикізат ретінде пайдаланылады", - деп хабарлады прокуратура.
Аталған фактілер бойынша қалалық полиция департаменті 2021 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұған дейін Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев Алматы тау бөктерінде қара топырақты заңсыз әкету фактілері тыйылмай тұрғанын айтқан болатын.