Елімізде індет қарқыны бәсеңдегені байқалды

Елімізде індет қарқыны бәсеңдегені байқалды

Елімізде індет қарқыны бәсеңдегені байқалды
ашық дереккөзі
Елімізде өткен аптада індет жұқтыру көрсеткішінің 2 пайызға төмендегені байқалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Соңғы үш апта ішінде сырқаттанушылық динамикасы бір деңгейде сақталып отыр. Өткен аптада індет жұқтыру көрсеткішінің 2%-ға төмендегені байқалады, өлім-жітім көрсеткіші өткен апта деңгейінде сақталып отыр", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.
Бұған дейін министр эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, 9 өңір - Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары қауіпті аймақта екенін хабарлаған еді.