Елімізде вакцина алғандар үшін кейбір шектеулер алынып тасталды

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған адамдар үшін кейбір шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар санының біртіндеп артуына байланысты Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен вакцинаның толық курсын алған адамдар үшін кейбір шектеулер алынып тасталды», – деді Алексей Цой.

COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алғандардан ПТР-тест талап етілмейтіні айтылды.

«Вакцина алған адамдар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болса да оқшауланбайды, бірақ дәрігердің бақылауынан өтеді, кеңсе қызметкерлеріне әдеттегі жұмыс режиміне өтуге рұқсат етіледі», – деп толықтырды Алексей Цой.

Back to top button