Премьер-Министр мамыр айында 2 миллионнан астам адамды вакцинамен қамтуды тапсырды

Премьер-Министр мамыр айында 2 миллионнан астам адамды вакцинамен қамтуды тапсырды

Премьер-Министр мамыр айында 2 миллионнан астам адамды вакцинамен қамтуды тапсырды
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп ауыл тұрғындарын барынша вакцинамен қамтамасыз ету тапсырылды, - деп хабарлайды dknews.kz. Премьер-Министр Асқар Маминнің айтуынша, қазіргі уақытта эпидахуалдың тұрақтанғаны байқалады.
"Вирустың репродуктивті индексі аздап төмендеп, 0,98 болды. "Қызыл аймақта" 9 аймақ бар. Өңірлерге 2,3 миллионнан астам вакцина дозасы жеткізілді. Бірінші компонентті 1,5 миллион адам алды. Қоймаларда вакциналардың жеткілікті қоры бар. Вакцина егудің қарқынын бәсеңдетпеу керек", - деді Премьер-Министр. "Үкімет пандемия деңгейін төмендету үшін барлығын жасайды. Ауыл тұрғындарын вакцинамен қамтуға ерекше назар аудару керек. Сонымен қатар, вакцина алғандардың санының артуына қарамастан, азаматтар белгіленген санитарлық нормаларды қатаң сақтауды жалғастыруы тиіс", - деді Асқар Мамин.
Осы себепті Премьер-Министр денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, жылжымалы вакцина пункттерін қолдануды кеңейте отырып, ауыл тұрғындарын вакцинамен қамтамасыз етуді тапсырды.
"Мамыр айында екі миллионнан астам адамды вакцинамен қамтамасыз етуді тапсырамын. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеудің жаңа критерийлерін және вакцина алғандарға арналған жеңілдіктерді енгізу керек. Бұл, әсіресе қызмет көрсету саласындағы бизнесті жандандыру үшін маңызды. Ақпарат министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп елімізде қолданылатын барлық вакциналардың қауіпсіздігі, вакциналарды таңдау мүмкіндігі және шектеу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын кеңейтсін", - деп түйіндеді ол.