Павлодар облысында 90-дағы қарт кісі вакцина салдыртты

Павлодар облысында 90-дағы қарт кісі вакцина салдыртты

Павлодар облысында 90-дағы қарт кісі вакцина салдыртты
ашық дереккөзі
Павлодар облысы Железин ауданында тұратын 90 жастағы қария коронавирусқа қарсы вакцина салдыртты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 90 жастағы Леонид Мельникті коронавирусқа қарсы екпе алуға ешкім мәжбүрлемеген. - Дәрігерлер егде адамға вакцинадан кейін қандай белгілер болуы мүмкін екенін және оны қалай бақылайтынын түсіндірді. Тыл еңбеккері вакцина салуға бірден келісті. Леонид Мельник COVID-19-қа қарсы вакцинаны жақсы қабылдады, - дейді басқармада. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, вакцинадан кейінгі екінші күні оның дене қызуы 37,2-ге дейін көтеріліп, кейін қалыпты жағдайға келген. Қазір жағдайы жақсы. Аймақтық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, жалпы Павлодар облысында COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 49 912 адам, екінші компонентін 13 637 адам алған.