“Мердігердің материалы сапасыз”. Елорда көшелерінің бірінде асфальт опырылып түсті

“Мердігердің материалы сапасыз”. Елорда көшелерінің бірінде асфальт опырылып түсті

“Мердігердің материалы сапасыз”. Елорда көшелерінің бірінде асфальт опырылып түсті
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанның сол жағалауында асфальт опырылып түсті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. Ақпаратты "Астана су арнасы" МКК растады.
"Мәңгілік Ел көшесі 82 мекенжайы бойынша мердігердің сапасыз материал орнатуына байланысты су құбыры құдығының жабын плитасының ішінара опырылуы орын алды. Авариялық бригада су құбыры құдығының жабынының бетон плитасын бөлшектеді. Сондай-ақ, шойын люгін орнатып, бетондады. Аталған мекенжай бойынша жөндеу-құрылыс бригадасы асфальт төсейтін болады", - деп хабарлады компания уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрай отырып.