Жаңалықтар

Билл Гейтс ажырасатынын мәлімдеді

ашық дереккөзі

Билл Гейтс ажырасатынын мәлімдеді

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда ажырасу туралы шешім қабылдағанындарын мәлімдеді. Бұл туралы Гейтс өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды RT. "Ұзақ ойланғаннан кейін біз ажырасу туралы шешім қабылдадық", - делінген хабарламада. Олар бұдан әрі "жұп ретінде" өсу мүмкіндігін көрмейтінін атап өткен. Билл мен Мелинда Гейтс бірге өмір сүрген жылдары үш баланы тәрбиелегенін еске салды.