Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі қарсыласы кім болатыны анықталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған Бразилиялық Эскива Фалькаомен (28-0, 20 КО) жекпе-жекке шықпақ.

Фалькаоның өзі айтқандай, бұл жекпе-жек тамыз айында Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтуі керек.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Бұған дейін 39 жастағы қазақстандық WBA Super чемпионы, жапон боксшысы Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе — жекті желтоқсан айына жоспарлаған болатын.

Back to top button